Дмитрий Медведев аймақтық Мемлекеттiк думаларға тыйым салды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев парламент қатысатын аймақтық заңды жиналыстарды Мемлекеттік дума деп атауға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«РФ билік субъектілерінің заңнамалық және атқарушы органдарын ұйымдастырудың заңды қағидаттары туралы» Заңына өзгертулер енгізіледі. Өзгертiлген тұжырымға сәйкес, аймақтық заң шығару органдарының атауы «мемлекеттiк билiктiң федералдық органдары атауларының негiзін құрайтын сөз тiркестерi бола алмайды».