Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Дмитрий Медведев есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күресу бойынша Орталық Азия аймақтық ақпараттық Үйлестіру орталығын құру туралы Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы Келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды», - делінген хабарламада.
Федеральді заңды Мемлекеттік Дума 2011 жылдың 22 ақпанында қабылдап, Федерация Кеңесі 2011 жылдың 2 наурызында мақұлдады.