Дмитрий Медведев өзі қайта сайланған жағдайда саяси күштерге арқа сүйегенді қалайды

МӘСКЕУ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Алдағы президенттік сайлауда өзінің кандидатурасын ұсынған жағдайда, РФ Президенті Дмитрий Медведев саяси күштерге арқа сүйегенді қалап отыр.

Бұл туралы ол Мәскеу түбіндегі «Сколководағы» үлкен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

«Егер мен президенттікке өз кандидатурамды ұсынатын болсам, онда сөзсіз нақты саяси күштерге арқа сүйейтін боламын. Бізде ірі партиялар жеткілікті. Егер мен осымен айналысатын болсам, мені осыған дейін бұл қызметке ұсынғандарға да арқа сүйермін деп үміттенемін. Екіншіден, менің ойымша, президент өзінің саяси күшін құрып, партия мүшесі бола алады, - деп атап өтті ол. "Қазір саяси күштер құрылып бітті, біздің елімізді қалай құрып, дамыту туралы түрлі түсініктер пайда болды. Сондықтан да президент саяси күштердің бірін басқаруы тиіс. Бұл жаман болмас еді», - деді РФ Президенті.