Экспозицияны Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Италия Премьер-министрі Сильвио Берлускони ашты деп, хабарлайды РБК.
Көрме римдік көрмелер сарайында орналастырылған. Онда Третьяков галереясы, Орыс мұрағаты, Дейнека атындағы Курск картиналар галереясы мен басқа да мұрағаттардан алынған 87 үздік өнер туындысы қойылған.
"Бұл екі ел тарихындағы өте айтулы оқиға. Осы жыл аясында 500-ден астам іс-шара қарастырылған. Біз тек жай мәдениет мәселесімен айналысып қана қоймаймыз. Біз тілдерді дамыту мәселесімен де айналысамыз. Мен кейбір анықтамаларды қарап шықтым, онда Италияда 30 мың адам орыс тілін, Ресейде 40 мың адам итальян тілін үйренуде екен. Бұл онша көп те болмауы мүмкін, дегенмен осы фактілердің өзі қуантады», - деп атап көрсетті Дмитрий Медведев.