Дмитрий Медведев Ресей мұсылмандарын Құрбан айт мейрамымен құттықтады

МӘСКЕУ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Ресей Президенті Дмитрий Медведев ел мұсылмандарын Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

«Бұл тарихы ғасырлар тереңінен бастау алатын жарқын мереке адамдарды шынайы ислам құндылықтарына - бейбітшілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа  біріктіреді. Қажылық, Құрбан айт сияқты исламның қасиетті парыздарын атқару - адамның рухани жаңғыруын білдіреді. Оған сенім әділеттілікке үндейді, жақындарыңа және мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға үйретеді», - делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан құттықтауда.

«Бүгінде ресейдің мұсылман жұрты конфессияаралық диалогты дамыту, ресей қоғамының мәдени әралуандығын сақтауда көп нәрселерді істеп отыр. - деп атап өтілген құттықтауда. - Тату көршіліктің және өзара құрметтің таңдаулы дәстүрлеріне сүйене отырып, сіздер біздің ортақ Отанымыздың гүлденуіне бұдан былай жәрдемдесесіздер деп сенемін».

Бүгін Ресей Федерациясының ислам жұрты көптеп тұратын сегіз аймағында: Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Шешенстан, Ингушетия, Қабарда-Балқар, Қарашай-Черкеш және Адыгей жерлерінде демалыс күні жарияланды.