Дмитрий Медведев түнгі Астананың суретін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев әлеуметтік желіде түнгі Астана суретін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Түнгі Астана», - деп жазды ол суреттің астына. Жарияланым 10 сағат ішінде  49 мыңнан астам лайк жинады.

Еске салсақ, Дмитрий Медведев Астанаға Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін келген болатын.