Дмитрий Медведев ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша КО келісімі хаттамасын ратификациялау туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев «2009 жылғы 11 желтоқсандағы ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша КО келісіміне өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялау туралы» федералдық заңға қол қойды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша хаттаманы ратификациялау Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай құқықтық базасын құру жолымен ветеринария саласында құқықтық реттеулерді жетілдіруге бағытталған нақты қадам болып табылады.