Дмитрий Медведевтің жалақысы 7800 долларды, Владимир Путиндікі - 6200 долларды құрайды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні ең жоғары жалақы алатын Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лун болып табылады, оның қосымша төлем көлеміне тәуелді жылдық табысы 2 миллионнан 2, 5 миллион долларға дейін жетеді, деп хабарлайды РБК.

Hay Group американдық консалтингтік компаниясының мәліметінше, әлемдегі ең жоғары жалақыны сингапурлық шенеуніктер алады - бұл жемқорлықты жою мен мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту үшін жасалған әрекет екені белгілі.

Дегенмен келесі жылы Премьер бюджеті шамамен 20 пайызға қысқарады - өршіп тұрған әлемдік қаржы дағдарысына қазына осылай жауап қатуды жөн деп тапты.

Дегенмен Ресей көшбасшыларына ол аса қиындық тудыра қоймайды - Дмитрий Медведов (7800 доллар) пен Владимир Путиннің (6200 доллар) жалақысы тек G-8 әріптестерінің ғана емес, Ресей кәсiпкерлiк корпусының айтарлықтай бөлігінің табысынан аз.