АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық маман Дмитрий Огай қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.
65 жастағы Дмитрий Огай футболшы, сондай-ақ бапкер ретінде де кеңінен танымал.
Ол «Ертіс» (Павлодар) клубымен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды.
Енді Д.Огайдың басты мақсаты – «Шахтерді» Премьер-лигаға шығару. Биыл қарағандылықтар Бірінші лигада төртінші орынға табан тіреп, жолдамадан тыс қалды.
«Шахтер» клубы өз тарихында екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ қазақстандық командалар арасынан алғаш рет 2013-2014 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық бәсекесінде өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рамазан Оразовтың ресми түрде «Елімай» командасымен келісімшартты ұзартқанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).