Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин бадминтоннан Лусакада (Замбия Республикасы) өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз аталған жарыста финалға дейін жетті. Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді.

ҚР ҰОК мәліметінше, БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдодан Гран-при турнирін үш медальмен аяқтады.