Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — ​Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан 13-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

​Бүгін Қазақстан Ұлттық командасының спортшысы Дмитрий Патанин еркін жаттығудың финалында бақ сынады. Ол 13.700 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Жүлдегерлер: ​

1-орын — Карлос Юло — 14.700 ұпай

2-орын — Сема Цукияма — 14.600

3-орын — К. Джунир Юло — 14.300

​Сонымен қатар, Қазақстан жасөспірімдер командасының өкілі Артём Ковалёв кермедегі жаттығулар финалында жүлдеге таласты. Спортшымыз 11.266 ұпаймен 8-сатыға тұрақтады.

Биылғы құрлық додасының маңызы зор, өйткені бұл жарыс 2026 жылы Нагояда (Жапония) өтетін ХХ Азия ойындарына іріктеу мен дайындықтың басты кезеңдерінің бірі саналады.

​Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты 28 маусымда мәресіне жетеді.