Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

Фото: Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 236-ракеткасы Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда сенсация жасап, әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты қапы қалдырды.

Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Америкалық теннисші 4 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Мадрид турнирінде Михаил Кукушкиннің екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.