1/16 финалда Попко доминикалық Петер Бертранмен (658-орын) кездесіп, оны үш сетте жеңді. Бірақ бұл матч ерекше болды. Қазақстан өкілі бірінші сетте қарсыласын тас-талқан етті, есеп – 6:1. Ал екінші сетте дәл осындай есеппен жеңіліп қалды – 1:6. Шешуші сетте қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:1.
1/8 финалда Дмитрий Попко америкалық теннисші Исаия Стродемен кездеседі (1046-орын).