АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған аргентиналық Федерико Агустин Гомеспен кездесті.
Тартысты бәсекеде Д.Попко 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попко финалда әлемнің 335-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен бас жүлдені сарапқа салады.
Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр. Оның жеңіс сериясы 19 матчқа жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гөзал Айнитдинованың Қазақстан чемпионатының абсолютті чемпионы атанғанын жазған едік.
Михаил Кукушкин қатарынан 11 матчында жеңіске жетіп, Испанияда финалға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).