Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 969-сатыда тұрған франциялық Квентин Фольомен ойнады.

Дмитрий Попко екі сетте де 6:3, 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Осылайша, қазақстандық теннисші жеңіс сериясын 21 матчқа жеткізді.
Д.Попконың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гөзал Айнитдинованың Қарағандыдағы ITF жарысының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.