АСТАНА. KAZINFORM Қазақстандық, әлемнің 244-ракеткасы Дмитрий Попко Виченца (Италия) челленджер жарысын жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 486-орында тұрған италиялық Федерико Яннакконемен кездесті.
Д.Попко тартысты матчта 6:4, 2:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий 6 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ.
Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 580-ракеткасы, тағы бір италиялық Федерико Арнабольдимен таласады.
Қазақстандық, әлемнің 199-ракеткасы Тимофей Скатов осы жарыста рейтингіде 220-сатыдағы босниялық Нерман Фатичтен ойсырай ұтылды - 4:6, 0:6.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 167-ракеткасы Денис Евсеев те алғашқы айналымнан өте алмады. Ол рейтингіде 253-орындағы тайбэйлік Цзэн Цзэнге жол берді - 6:7 (6:8), 3:6.
Еске сала кетейік, Александр Бубликтің Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).