АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде қазақстандық спортшылардың орны белгілі болды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 80-нен 77-ге жоғарыласа, Александр Шевченко 98-ден 105-ке төмендеп, ТОП-100-ден шығып қалды.
Михаил Кукушкин 160-орнын сақтап қалса, Тимофей Скатов 175-тен 174-ке ауысты.
Мексикадағы Морелия турнирінің жеңімпазы атанған Дмитрий Попко 245-тен бірден 70 саты жоғарылап, 175-тен бір шықты.
Осы жарыста жартылай финалға дейін жеткен Бейбіт Жұқаев та ТОП-200-ге кірді, ол қазір 215-тен 192-орынға жайғасты.
Жұптық сында Александр Недовесов 74-тен 84-ке, А.Бублик 130-дан 133-ке сырғыды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Бухарестегі турнирді сәтті бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 10-орынға түсіп қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).