Қазақстандық Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Дүниежүзілік рейтингіде 504-орында тұрған Д.Попко жартылай финалда әлемнің 404-ракеткасы, ұлыбританиялық Джей Кларкпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, Дмитрий Попко финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Григорий Ломакиннің Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).