Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 743-сатыда тұрған испаниялық Макс Алкала Гурримен бас жүлде үшін таласты.
Дмитрий Попко бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда да сол қарқынын жоғалтқан жоқ – 7:5. Осылайша, ол Анталия додасында үздік шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).