Днепропетровскідегі жарылыста 27 адам, оның ішінде 9 бала жарақаттанды

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Украинаның ТЖМ берген ақпаратқа сәйкес, кеше Днепропетровскіде орын алған 4 жарылыстың салдарынан 27 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды,

деп хабарлады Украинформ.

 Бұл туралы Днепропетровск қаласында орын алған жағдайға байланысты лаңкестікке қарсы орталықтың ақпараты қарастырылған төтенше жағдайдың деңгейін анықтау бойынша ТЖМ сарапшы комиссиясының кезектен тыс кеңесінде айтылды.

 «Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша 27 адам, оның ішінде 9 бала әртүрлі деңгейде жарақат алды. Жарақаттанғандар қалалық ауруханаларға жеткізілді. Жарылыстың себептері құқық қорғау органдарымен анықталуда», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 Украина президенті Виктор Янукович осы оқиғаға байланысты Бас прокурор Виктор Пшонкоға, Украина қауіпсіздік қызметінің төрағасы Игорь Калининге және Ішкі істер министрі Виталий Захарченкоға тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Украина Президенті Премьер-Министр Николай Азаровқа және вице-премьер-министр - денсаулық сақтау министрі Раиса Богатыроваға, Днепропетровск облыстық мемлекеттік әкімшіліктің төрағасы Александр Вилкулға зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіп, қаладағы қоғамдық тәртіпті және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдануды міндеттеді.