Днепропетровскідегі жарылыстарды ұйымдастырушылардың фотороботтары жасалды

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Украинаның Қауіпсіздік қызметі  Днепропетровскіде болған жарылыстарға қатысы бар күдіктілердің фотороботтарын таратты.

Днепропетровск облысындағы Қауіпсіздік қызметінің баспасөз-тобы мәлім еткендей, үш адамға іздеу салынды. Олардың айырықша белгілері: бірінші күдікті - жасы 40-та, бойы 170 сантиметр, дене бітімі орташа, шаштары қара және қысқа, джинсы мен қысқа жеңді қара жейде киген.

Екінші күдікті - жасы 30-да, бойы 180 сантиметр, дене бітімі мығым, қара әрі бұйра шашты. Қара джинсы мен көк түсті джинсы жейде киген. 

Үшінші күдікті - жасы 30-35-тер шамасында. Бойы орташа, арықтау келген, шашы қоңырлау, артына қайырылған. Шалбар мен ашық түсті жейде киген.

Аталған азаматтар туралы қандай да бір мәліметтерді білетін азаматтар шұғыл түрде  мына телефондарға 380955507547 немесе  dopomoga@fregat.com электронды поштасына хабарласа алады.

Бүған дейін, қылмыскерлерді ұстап бергендер үшін 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір күні Днепропетровскінің бірнеше жерінде жарылыс болды. Қоқыс жәшіктеріне қойылған жарылғыш заттар іске қосылды. Нәтижесінде шашамен 30 адам зардап шекті. Аталмыш әрекет бойынша ҚК-тің 258-ші бабының 2-ші  тармағы бойынша (террористік акт) қылмыстық іс қозғалды. Жарылыстан соң қалаға бірден ішкі әскер мен бронетехника кіргізілді.

Қазіргі таңда Қауіпсіздік қызметі террористік актінің бірден 6 себебін қарастырып отыр. Олардың бірі, жарылғыш зат дәл осылай қоқыс жәшігіне орнатылған - 2011 жылдың қараша айындағы оқиғалармен байланыстырады. Ол кезде қылмыскер ұстатпай кеткен. Сонымен қатар ол футболдан Еуропа чемпионатын болдырмауды көксеп жүргендердің ісі болуы ықтимал деген болжам жасалып отыр.