Діни алауыздық тудырған қостанайлық 7 жылға сотталды

Фото: Фото: ҚазАқпарат

Қостанай қаласының тұрғыны діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

"Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған", - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.