ДНК-тесті Адольф Гитлердің шыққан тегін анықтап берді

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Адольф Гитлердің 39 туысқанының сілекей үлгілерін зерттеу оның ДНК-сының Балкан түбегінің тұрғындары мен хамит-семит тілдерін пайдаланушылар арасында байқалатын E1b1b1 гаплотобына жататынын көрсетті, деп хабарлайды The Daily Telegraph.

Осы немесе өзге де гаплотопқа тиесілілігі оны қолданушының этникалық шығу тегін анықтап бермесе де, адамның шығу тегін оның ата-аналарының бірінің желісі арқылы анықтауға мүмкіндік береді екен. Бұл орайда Y-ДНК гаплотобы, еркектердің шығу тегі желісі туралы болып отыр.

Зерттеу жұмыстарын журналист Жан-Поль Мюльдер (Jean-Paul Mulders) мен тарихшы Марк Вермирен (Marc Vermeerem) жүргізді, оның нәтижелері белгиялық Knack журналында жарияланым көрді.

The Daily Telegraph хабарлап отырғандай, E1b1b1 гаплотобы семит тобындағы ашкеназ-еврейлерде көп таралған, оларға еуропалық еврейлердің көп бөлігі, оның ішінде сефард-еврейлер де жатқызылады. Сондай-ақ, аталмыш гаплотоп Оңтүстік Африка халқы мен шығыс славяндарда да көрініс береді.

Атап өте кету керек, негізін қалап, соның нағыз ұстанушысы Гитлер болған ұлтшыл-социализм идеологиясы семит және славян халықтарын «лас» халықтар қатарына жатқызып, ал Германияны еврейлерден тазарту Гитлер саясатының негізгі бөлімдерінің бірі болды. Адольф Гитлерде еврейдің қаны бар екендігі туралы сыбыс сөздер бұрындары да айтылып жүрген еді. Мәселен, неміс диктаторының әкесі Алоис Гитлердің биологиялық әкесі еврей банкирінің ұлы болуы мүмкін деген де сөз бар. Бірақ бұл болжам өзінің шынайы нақтылауын алған жоқ.

Адольф Гитлер 1945 жылғы сәуірдің 30-ында капитуляцияға аз ғана уақыт қалғанда өзіне өзі қол салған еді. Оның қаңқасының бір бөлігі осы күнге дейін Ресейде сақталып жатыр деп есептеледі, бірақ оның түпнұсқасының растығы күмән туғызып отыр.