Дінмұхамед Қонаевтың қайтыс болғанына бүгін — 31 жыл

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірден өткеніне 31 жыл. Алматылықтар ескерткішіне гүл шоқтары қойды.

Іс-шараға Дінмұхамед Қонаевтың қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, туған-туыстары, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Фото: Алматы әкімдігі

«Димаш Ахмедұлы мәңгі жүрегімізде. Оның еңбегі мен жетістіктері әркез ел есінде. Бұған биыл Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптардың шығуы дәлел», — деп атап өтті Д. А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.

Салтанатты рәсім соңында қатысушылар үшін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйіне және мемориалдық пәтеріне экскурсия өтті. 

Фото: Алматы әкімдігі

Экспонаттар қатарында 1992 жылы Дінмұхамед Ахмедұлынае сыйға тартылған және демеушілердің қолдауының арқасында кезекті мерейтойына қалпына келтірілген Pontiac Grant Prix жеке автокөлігі ерекше көзге түсті.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі