Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды

Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform Қонаев музейінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/museumkunaev

«Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды! Туыс -туғандарына қаймыға көңіл айтамыз»,-делінген хабарламада.