«2023 жылы 15 желтоқсанда біздің директорлар кеңесі холдингтік компанияны британиялық Виргин аралдарынан Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығына редомиляциялауды мақұлдағанын хабарлағымыз келеді. Осы шешімді бекіту мақсатында 2024 жылы 10-26 қаңтар аралығында акционерлердің сырттай дауыс беру шарасы өткізіледі. Дауыс жинауға арналған форма әрбір дауыс беруші қатысушыға жеке-жеке жіберіледі», - деп жазды компанияның қаржы директоры Лина Наумова telegram-каналда.