DOGE 65 млрд доллар көлемінде шамаланып отырған жалпы үнемдеу туралы мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік тиімділік департаменті (DOGE) қай мемлекеттік органдар көбірек үнемдегенін көрсететін агенттіктердің тиімділік көшбасшыларының кестесін шығарды, деп хабарлайды FOX Business.
Миллиардер Илон Маск басқаратын DOGE компаниясы дүйсенбідегі жағдай бойынша оның жалпы үнемдеуі 65 млрд долларды құрайтынын мәлімдеді.
Департаменттің мәлімдеуінше, үнемдеуге алаяқтықты анықтау және жою, жалға беруді тоқтату және қайта келіссөздер жүргізу, активтерді сату, гранттарды жою, жұмыс күшін қысқарту, бағдарламалық өзгерістер мен реттеуді үнемдеу арқылы қол жеткізіліп отыр.
- Біз осы деректердің барлығын қолданыстағы ережелерге сәйкес келетін нақты болжамдармен ыңғайлы және толық ашық формада жүктеп салу үшін жұмыс істеп жатырмыз, - делінген DOGE сайтында.
DOGE агенттіктерінің тиімділік көшбасшылары рейтингінің жоғары орындарында Білім министрлігі, Жалпы қызметтер басқармасы, Қоршаған ортаны қорғау агенттігі, Еңбек министрлігі және Персоналды басқару кеңсесі орналасқан.
DOGE мәліметінше, қаражатты ең аз үнемдеген – Мемлекеттік департамент, Ұлттық денсаулық сақтау институттары, Көлік министрлігі, Энергетика министрлігі және Сауда министрлігі. Тізімге АҚШ-тың 22 мемлекеттік мекемесі кірді.
Бұған дейін Маск барлық жерде режимді өзгертуге ұмтылмай, АҚШ-тағы «агенттіктерді жоюға» шақырғанын, сондай-ақ үкіметтің БАҚ-қа жұмсайтын шығынын қысқартпақшы екенін жазған болатынбыз.