France-Presse агенттігінің дереккөзіне сүйенсек, Қатардың делдалдығымен өтіп жатқан кеңестерде тараптар атысты тоқтату туралы келісімді іске асыру тетіктерін және Газадағы израильдік тұтқындарды Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарға айырбастау мәселесін талқылауға баса назар аударып отыр.
Еске сала кетейік, Израиль армиясы биылғы наурызда қаңтар айында орнатылған атысты тоқтату режимін бұзып, палестиналық анклавта әскери әрекеттерді қайта бастады. Бұған дейін Египет, Қатар және АҚШ-тың арағайындығымен өткен бірнеше келіссөз раундтарында тараптар жаңа мәміле шарттары бойынша ортақ келісімге келе алмаған еді.
Айта кетейік, Израиль Газа бойынша жаңа келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді.