Дохада Қазақстан-Катар іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елшісі Арман Исағалиев Қазақстан-Қатар іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып табылатын Қатар Сауда-өнеркәсіптік палатасының бірінші орынбасары Мұхаммед бин Тауар Әл-Кауаримен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту жолдары талқыланды.

Бұл ретте тараптар Қазақстан мен Қатар іскерлік топтары арасында ауқымды өзара іс-қимылдарының локомотиві ретінде 2017 жылы құрылған Іскерлік кеңестің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған орай ағымдағы жылдың 22-23 тамызында Дохада екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылау мақсатында Іскерлік кеңестің отырысын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

1963 жылы құрылған Қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы Шығанақ елдерінің ең көне сауда палаталарының бірі. Оның 75 мыңнан астам мүшесі тіркелген. Бұл құрылымның негізгі жұмысы ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бизнесті дамытуға, сондай-ақ жекеменшік сектордың коммерциялық, өндірістік және басқа мүдделерін қорғауға бағытталған.