Жүздесулер барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы консулдық-құқықтық, визалық және туризм салаларындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен оларды әрі қарай дамыту жолдары талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар екі мемлекет азаматтарының қызметтік және ұлттық паспорт иелерін өзара виза талаптарынан босату мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
Қазақстан тарапы қазіргі уақытта Катар тарапының құзырлы органдарының қарауындағы екі елдің азаматтарына консулдық және құқықтық көмек көрсету саласындағы келісімдердің жобаларын қарастыру процесін жылдамдату туралы өтініш білдірді.