Дохада жүргізушісі болмайтын такси іске қосылды

Фото: AlArab

АСТАНА. KAZINFORM — Қатардың ұлттық көлік операторы Mowasalat (Karwa) ел астанасы Дохада алғашқы жүргізушісіз таксилердің іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Роботаксиді Karwa мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Бағыт таңдалып, жақын маңда жүргізушісіз такси болған жағдайда, жүйе сапарға осы көлік түрін ұсынады.

Такси келгеннен кейін де онымен өзара әрекеттесу — қозғалысты бастау, сапарды басқару — толықтай Karwa қосымшасы арқылы жүзеге асады.

Автономды көлікті дамытудағы маңызды кезең саналатын бұл жоба Катардың Qatar National Vision 2030 кешенді даму бағдарламасы аясында іске асырылып, елдің Көлік министрлігінің бақылауымен жүзеге асып отыр.

Роботакси — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жайлылық пен тиімді пайдалануды заманауи автономды басқару технологиялары арқылы жүзеге асыратын жүргізушісіз көлік құралы.

Айта кетейік, Дубайда әуе таксиі 2026 жылы іске қосылады.