Дохадағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы жүзуден финалсыз қалды
16:58, 14 Ақпан 2024
Қатар астанасы Дохада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы аталған доданың финалына шыға алмады. Бұл туралы Prosports.kz жазды.
Бүгін жүзуден Әділбек Мусин, Ксения Игнатова, Арсен Қожахметов пен Софья Сподаренко бастаған қазақстандық команда 4х100 метрге аралас эстафетада бақ сынап, бастапқы кезеңде 17-орын алды.
Қазақстандықтар қашықтықты 3 минут 54,45 секундта жүзіп өтті. Бірінші орынды ұлыбританиялықтар еншіледі (3:45.50).
Өкінішке қарай, құрама Дохадағы әлем чемпионатының финалына жолдама алған жоқ.