Бүгін жүзуден Әділбек Мусин, Ксения Игнатова, Арсен Қожахметов пен Софья Сподаренко бастаған қазақстандық команда 4х100 метрге аралас эстафетада бақ сынап, бастапқы кезеңде 17-орын алды.
Қазақстандықтар қашықтықты 3 минут 54,45 секундта жүзіп өтті. Бірінші орынды ұлыбританиялықтар еншіледі (3:45.50).
Өкінішке қарай, құрама Дохадағы әлем чемпионатының финалына жолдама алған жоқ.