Дохадағы кездесу табысты өтуіне күмән көп болғандықтан мұнай бағасы арзандап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні мұнайдың әлемдік бағалары орташа деңгейде төмендеп жатыр, себебі нарық қатысушылары мұнай өндіруші елдердің бұл шикізатты өндіру көлемдерін қатыру мәселесін талқылау үшін алдағы кездесуі оның бағасына қолдау көрсететініне күмәнданып отыр, делінген сауда мәліметтерінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің бағасы 0,35 пайызға - бір баррель үшін 42,68 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы да 0,35 пайызға - бір баррель үшін 40,22 долларға дейін төмендеген.

ОПЕК-ке мүше және ұйымға кірмейтін елдердің кездесуі 17 сәуір күні Катар астанасы Доха қаласында өтеді.