«Doing Business» рейтингінде Қазақстан 11 позицияға көтерілді

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 2011 жылы 11 позицияға көтеріліп, 47 орынға ие болды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

 2010 жылы біздің республика алғаш рет кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар құруда жоғары табыстарға қол жеткізген 10 елден тұратын тізімнің басында тұрды. Әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Бизнеске әкімшілік салмақты төмендету мақсатында анықталған 1015 рұқсаттың 348-ін болдырмауды қарастыратын Заң қабылданды. Тағы 30 пайыз лицензия мен рұқсатнамалардың қысқартылуы туралы заң жобасы дайындалды.

Қосымша ақпаратты pm.kz сайтынан қараңыз.