2026 жылғы 26 шілдеде докторантураға түсуші үміткерлер үшін электронды форматтағы ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан қалаларында өтеді.
Өтініш 22-24 шілде аралығында қабылданады. Тестілеу 26 шілде күніне белгіленді.
Өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:
- сайтта тіркеліңіз;
- «Өтініш беру» басыңыз;
- «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі — ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.
- «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
Тыңдалым — 20 тест тапсырмасы (20 минут);
Оқылым — 40 тест тапсырмасы (50 минут);
Жазылым — 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым — 2 тапсырма (7 минут).
— Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс. Жазылым және айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады. Тестілеуге қатысу құны — 7 121 теңге, — делінген орталық таратқан хабарламада.
Бұған дейін 3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталатынын жазған едік.