Доллар 321,45 теңгеге дейін арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 321,45 теңгені (-1,04 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 50 400 мың АҚШ долларын ( 16 050 мың USD) құрады.

Есептесуі T 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,9188 теңгені (-0,0955 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 800 мың юань (-250 мың юань) болды.