Доллар 337 теңгеге дейін қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,01 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 29 600 мың ( 156 650 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ

Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген

жоқ; Есептесуі T 0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 48,61431 теңгені ( 0,2232 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі -

700 мың юань болды.