Доллар 550 теңгеге жақындады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге қымбаттап, 548,79 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 544,26 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 546,15 теңгеден сатып алынады, 548,24 теңгеден сатылады. Еуро 634,70 — 644,38 теңге, ал рубль 6,45 — 6,58 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,38 теңгеден сатып алынады, 79,02 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 544,40 теңгеден сатып алынады, 549,40 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 637,43 теңге, сату — 645,49 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,62 теңге.
— юань: сатып алу — 76,51 теңге, сату — 80,45 теңге.
Еске салайық, өткен апта соңында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,45 теңгеге қымбаттап, 544,26 теңге болды.