2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Доллар 441 теңге деңгейінде қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығы бойынша сауда-саттық аяқталды.

Фото: pexels

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 441,88 теңге болды. Бұл 0,02 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 25 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы — 441,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде тұрғындар долларды орта есеппен 439,98 теңгеден сата алады, ал сатып алу бағасы — 446,98 теңге. Еуроны 499,85 теңгеден сатуға, 509,85 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді сату бағасы — 5,00 теңге, сатып алу бағасы — 5,20 теңге.

Алматыда долларды орта есеппен 442,10 теңгеден сатуға, 444,26 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағасы — 502,26 теңге, сатып алу бағасы — 507,54 теңге. Рубльді сату кезінде 4,99 теңге алуға болады, ал сатып алу бағасы — 5,11 теңге.

Шымкентте доллардың орташа сату бағасы 442,08 теңге, сатып алу бағасы — 444,17 теңге. Еуроны 502,35 теңгеден сатуға, 508,42 теңгеден сатып алуға болады. Рубльдің сату бағасы — 5,03 теңге, ал сатып алу бағасы — 5,09 теңге.

Еске салайық, доллар бағамы төмендеп жатқаны айтылды.