Доллар 480 теңгеге дейін қымбаттады

Фото: Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында 26 қыркүйек кешке өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,06 теңгеге қымбаттап, 477,05 теңге болған.

Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.

Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Астанада 1 доллар 476 – 480 теңгеден ұсынылуда. Ал Алматыда аталған валюта 476,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің Ресей рубліне белгілеген орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,79 – 4, 93 теңге, Астанада 4,85 – 5,02 теңгеден сатылып жатыр.