Доллар 521-525 теңге аралығында саудаланып жатыр

Коллаж: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 521,27 теңге, сату — 523,66 теңге;
— еуро: сатып алу — 607,30 теңге, сату — 612,76 теңге;
— рубль 6,48 — 6,60 теңге аралығында саудаланады.
— юань 72,31 — 75,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 518,81 теңгеден сатып алынады, 525,69 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 604,84 теңге, сату — 614,71 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,60 теңге;
— юань 72,98 теңгеден сатып алынады, 77,12 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 11 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,74 теңгеге қымбаттап, 520,02 теңге болды.