Доллар 549-552 теңге аралығында саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге қымбаттап, 547,57 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 546,96 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 547,66 теңгеден сатып алынады, 549,45 теңгеден сатылады. Еуро 641,56 — 644,48 теңге, ал рубль 6,59 — 6,71 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,28 теңгеден сатып алынады, 78,88 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 546,68 теңгеден сатып алынады, 552,66 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 638,66 теңге, сату — 646,68 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,64 теңге, сату — 6,80 теңге.
— юань: сатып алу — 76,28 теңге, сату — 80,15 теңге.
Еске салайық, 2 қазан күндізгі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,95 теңгеге арзандап, 546,96 теңге болды.