АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 25 қараша кешке салыстырғанда 0,62 теңгеге төмендеп, 1 доллар 422,26 теңге болған.
Ұлттық банктің 26 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 422,87 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуалға түсінік берген болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.