Доллар бағамы аздап өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Коллаж: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,2 теңге түсіп, 455,12 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 455,00 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 450,00 теңгеден сатып алынады, 457,00 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 492,00 теңге, сату — 502,00 теңге;
  • рубль: сатып алу — 5,20 теңге, сату — 5,40 теңге;
  • юань: сатып алу — 67,63 теңге, сату — 71,64 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 452,14 теңгеден сатып алынады, 454,61 теңгеден сатылады. Еуро 497,70 — 502,09 теңге, ал 5,24 — 5,36 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,36 теңгеден сатып алынады, 69,81 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 5,87 теңге өсіп, 455,00 теңге болды.