Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,93 теңгеге түсіп, 469,85 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 471,98 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 534,00 теңге, сату — 544,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,55 теңге, сату — 5,75 теңге.
— юань: сатып алу — 68,83 теңге, сату — 73,06 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,48 теңгеден сатып алынады, 471,45 теңгеден сатылады. Еуро 539,45 — 544,42 теңге, ал рубль 5,55 — 5,69 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,59 теңгеден сатып алынады, 71,10 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 4 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,25 теңгеге түсіп, 471,98 теңге болды.