Доллар бағамы 500 теңгеден асты

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,88 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 497,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 525 — 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 501 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 524,37.

Осыған дейін еліміздегі айырбас пунктілерінде $1 бағамы — 500 теңгеге дейін жеткені туралы жазған едік.