Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге өсіп, 448,94 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 447,14 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 447,00 теңгеден сатып алынады, 454,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 499,00 теңге, сату — 509,01 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,30 теңге.
— юань: сатып алу — 65,88 теңге, сату — 70,31 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,19 теңгеден сатып алынады, 452,42 теңгеден сатылады. Еуро 502,86 — 507,42 теңге, ал 5,09 — 5,21 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 66,01 теңгеден сатып алынады, 68,73 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 7 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,6 теңгеге түсіп, 447,14 теңге болды.