Доллар бағамы биржада арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге түсіп, 484,78 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 487,44 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 483,01 теңгеден сатып алынады, 490,01 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 558,04 теңге, сату - 568,04 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.

- юань: сатып алу - 68,63 теңге, сату - 73,75 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 485,36 теңгеден сатып алынады, 487,51 теңгеден сатылады. Еуро 558,96 – 564,20 теңге, ал рубль 6,40 – 6,52 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,30 теңгеден сатып алынады, 72,95 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 2,26 теңгеге өсіп, 487,44 теңге болды.