Доллар бағамы сауда-саттықта шамамен 3 теңгеге төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындыланды.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 464,71 теңге болып, алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,56 теңге төмендеді. Ал Ұлттық банктің 10 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 467,41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 463,07 теңгеден сатып алады, ал 470,04 теңгеден сатуға шығарған. Еуро 530 теңгеден қабылданып, 540 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублінің бағамы 5,57–5,89 теңге аралығында.

Алматыда АҚШ валютасы орта есеппен 465,86 теңгеден сатып алынса, 468,40 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 531,62–537,36 теңге аралығында, ал рубль 5,70–5,85 теңге көлемінде.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 466,06 теңгеден қабылдап, 468,28 теңгеден сатуға қойған. Еуро бағамы 514,52–538,19 теңге аралығында, ал рубль 5,74–5,82 теңге шамасында.

Еске салайық, 9 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 467,41 теңге болып, бір күнде 0,86 теңгеге төмендеген еді.